Түркияда INSINUME 2019 VIII халықаралық симпозиумы өтті

2019 жылғы 23-26 сәуір аралығында Түркияда (Кушадасы қ.) радиоэкологиядағы «in situ» ядролық әдістеріне арналған INSINUME 2019 VIII халықаралық симпозиумы өтті. Аталған іс-шараға Франция, Португалия, Бельгия, Литва, Венгрия, Түркия, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Украина және т.б. сияқты әлемнің әртүрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан симпозиумға аналитикалық зерттеулер бөлімінің қызметкері Бакланова Юлия қатысты. Баяндамасының тақырыбы: «Тәжірибе даласы» алаңының топырақ жамылғысындағы  90Sr және 137Cs радионуклидтерінің ара қатынасын анықтау» болды. Институт қызметкерлерінің тағы да төрт баяндамасы ұсынылған стенділік секция шеңберінде Семей сынақ полигоны (ССП)  мен оған іргелес аумақтың жекелеген телімдерінің топырақ-өсімдік жамылғысының жасанды радионуклидтермен ластану сипаты сұрақтары қарастырылды. ССП негізгі сынақ алаңдарының топырағындағы трансуранды қатар радионуклидтерінің ара қатынасын зерттеу әдістерін әзірлеу жөніндегі деректер қатысушылардың аса қызығушылықтарын тудырды. Жалпы, симпозиум шеңберінде,  гамма-спектрометрия әдістерін, «in situ» өлшеу әдістерін, үздіксіз мониторингілеу жүйелері мен Canberra (АҚШ) және АТОМТЕХ (Беларусь) фирмаларының басқа аналитикалық әзірлемелерін қоса алғанда, радиоактивтіліктің төменгі деңгейін анықтау әдістеріндегі жаңа технологиялық жетістіктер көрсетілді. Симпозиум қатысушылары ұсынған баяндамаларда топырақтағы, түптік шөгінділердегі және өсімдіктердегі табиғи және жасанды радионуклидтердің құрамын анықтау әдістері, биотаға және адамға арналған сәулелену дозасын қалытастыру, сонымен қатар, оларды төмендету бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны Түркияның оңтүстік жағалауында салынып жатқан «А́ккую» АЭС ықтимал радиациялық әсерінен қорғау сұрақтары да қарастырылды.