«Қазақстанның 100 жаңа есімі» финалында

Филиал басшысы Сергей Лукашенконы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына өтуімен құттықтаймыз. Аталған жоба мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберіндегі, сонымен қатар, қоғамның көңілін замандастар тарихына аудартуға арналған бастамасы болған. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» жобасына өтінімдерді іріктеудің мақсаты мен басты критерийі егемен Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ең лайықты азаматтарды таңдау болып табылады. Жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижесі бойынша Сергей Лукашенко жоғарыда аталған жобаның 100 жеңімпазының қатарына енген. Финалист «Ғылым» тарауында ұсынылған. 01 желтоқсанда Астана қаласында Елбасының қатысуымен Жоба жеңімпаздарынының форумы өткізілді, мұнда Нұрсұлтан Назарбаев конкурсанттарды құттықтап, жобаның барлық қатысушыларының бірегейлігін атап көрсетті. Президент дәл осындай адамдардың өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен үлгі болатынына сенімді.