Әйелдердің ғылымдағы рөлі ерекше

2022 жылғы 24-26 тамызда Гүлістан қаласында (Тәжікстан, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігі, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, WiN Тәжікстан (women in Nuclear) ұлттық бөлімшесі ұйымдастырған «Ғылым, инновация және технологияны дамытудағы әйел ғалымдардың рөлі» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған Конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, биология, медицина, физика, экология және басқа да салалардың 100-ге жуық әйел ғалымдарын гендерлік теңдікке ұмтылуды және әйелдердің жаһандық ғылыми және технологиялық инновацияларға тең үлес қосуын талқылау үшін Орталық Азия мен әлемнің елдерінен біріктірді. Конференцияның тұжырымдамасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуға ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы медицина ғылымдарының кандидаты, радиобиолог Лаура Болатказыевна Кенжина шақырылды. Оның «Орталық Азиядағы радиациялық/ядролық төтенше жағдайларға әзірлікті күшейту және әрекет ету үшін Қазақстанда биологиялық цитогенетикалық дозиметрияны дамыту перспективалары» тақырыбындағы презентациясы өңірлік ынтымақтастықты орнатуға және авариялық биологиялық дозиметрия саласында жемісті тәжірибе алмасуға ықпал ете отырып, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Армения ғалымдарынан үлкен қолдау тапты. Баяндаманың өзектілігі «Тақырыпты кәсіби ашу» («The relevance of the topic») номинациясындағы жеңісімен атап өтілді.