“Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық” тренинг-курсы

2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау техникаларын оқыту. Курс келесі тәжірибелік мәселелерді қамтиды: апаттық жағдайды бақылауды қалпына келтіру; апаттың тұрғындар мен қоршаған ортаға кері әсер етуінің алдын алу және жеңілдету; апат салдарын жоюда әрекет еткен жұмыскерлердің шамадан тыс сәулеленуіне жол бермеу. Курс жұмысына үш жапон сарапшысы (JAEA кадрларды дайындау жөніндегі орталығының қызметкерлері), он қазақстандық сарапшы (ҚР ҰЯО қызметкерлері) және ҚР ҰЯО жұмыскерлері арасынан қырық төрт тыңдаушы қатысты. Сарапшылар мен нұсқаушылар он сегіз дәріс оқыды. Аталған курс 2012 жылдан бері жыл сайын жүргізілуде. Сегіз жыл ішінде бұл курста ҚР ҰЯО 128 жұмыскері оқытудан өтті.