«Калибрлеу/тексеру және сынақ зертханаларындағы екіұштылықты бағалау жөніндегі практикалық дағдылар» оқыту семинары өтті

2020 жылғы 26-28 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС «Калибрлеу/тексеру және сынақ зертханаларындағы екіұштылықты бағалау жөніндегі практикалық дағдылар» оқыту семинары өтті. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Топорова Анна және Ролланұлы Руслан қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулер екіұштылығын бағалау, оның жіктемелері және сынақтың алынған нәтижелерін өңдеу жөніндегі тапсырмаларды шешуге байланысты сұрақтар қарастырылды. Семинардың барлық қатысушылары алынған білімдерін тәжірибелік сабақтардың жүргізілу барысында бекітті. Оқытуды Мемлекеттік метрологиялық институттардың Евро-Азиялық ынтымақтастығының (КООМЕТ) еңбек сіңірген метрологы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу және метрология жүйесінің сарапшы-аудиторы Донбаева Вера Алексеевна жүргізді.