Изотоптық гидрология әдісін қолдану

2020 жылғы 03-07 ақпан аралығында Австриядағы Веналық халықаралық орталықта Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) штаб-пәтерінде «Изотоптық гидрология» аналитикалық зертханалары өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданушы әртүрлі 25 ұйымның өкілдері қатысты, олардың қатарында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері мониторингілік зерттеулер зертханасының бастығы М.Р. Актаев бар. Түрлі елдердегі изотоптық гидрология әдісін қолдану тәжірибесі және даму келешегі, ауқымды атмосфералық түсулер мен трансшекаралық өзендердегі тұрақты изотоптар қатынасын мониторингілеу процесін үйлестіру және жақсарту қарастыруға арналған негізгі сұрақтар болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар климаттық өзгерістерді қадағалау мақсатында әр аймаққа арналған тақырыптық зерттеулер бойынша ұсыныстар ұсынды және АТЭХАГ изотоптық гидрология зертханасына экскурсия ұйымдастырды, мұнда кездесу қатысушылары зертхана қызметімен, аппаратуралық-әдістемелік қамтамасыз етулермен және даму жоспарларымен танысты.