Рентген аппараттарының мониторингі

Жыл сайын рентгенологиялық зерттеулер саны артып келеді, сондықтан негізінен рентгенодиагностикалық жабдықтың күйі мен жұмысының дұрыстығына тәуелді болатын жүргізілетін зерттеулердің сапасы туралы сұрақ бірінші орынға қойыла бастады. Рентгенодиагностикалық жабдықтың жұмысындағы кез келген ауытқулар пациенттерге түсетін дозалық жүктеменің жоғарылауына тікелей әсер етеді.  Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес рентгенодиагностикалық жабдықтың эксплуатациялық параметрлерін бақылауды кезеңмен қалыпты пайдалану кезінде рентгенаппараттың түріне байланысты ғана емес, сол сияқты кез келген жөндеу жұмыстарынан соң да жүргізу қажет.    ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының бақылаудың аталған түрін (лицензия, аккредитациялау) жүргізу үшін қажетті рұқсатты құжаттары ғана емес,  сонымен бірге инвазиялық (жабдықтың электронды шынжырлары мен түйіндеріне араласпастан) қажетті жабдықтары да бар. Бақылауды халықаралық оқытудан өткен және іс-тәжірибесі мол мамандар жүргізеді.    Жұмыстарды жүргізудің негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары, бірақ қажет кезінде РҚЭИ филиалының мамандары Қазақстанның кез келген аймағында бақылау жүргізе алады.