«Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті

2020 ж. 5 наурызда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының кітапханасында «Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметі ғылымның радиоэкология, радиохимия, радиобиология, топырақтану, қоршаған ортаны мониторингілеу және т.б. сияқты бағыттарымен тығыз байланысты. Көрмедегі басылымдарда ұйымды, аумақты радиациялық-гигиеналық төлқұжаттау және радиоэкологиялық мониторингілеу, түрлі аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай бойынша жалпы мәліметтер, дозиметрия, радиохимияның физикалық негіздері бойынша, стандарттау бойынша Халықаралық ұйым бекіткен топырақ, ауаның ластануы және түрлі құрауыштарды талдаудың заманауи әдістері ұсынылған. Көрмеде ұсынылған кітаптар, анықтамалықтар, техникалық салада және қоршаған ортаны қорғау саласында иондаушы сәулелендірулермен, радиоактивті заттектермен, изотоптармен жұмыс істейтін зерттеушілерге, мамандарға, радиоэкология, радиобиология, радиохимия бағыттары бойынша оқып жатқан жоғары оқу орындарының студенттеріне пайдалы. Көрме материалдарымен кітапхананың оқу залында танысуға болады. Көрме наурыз айының соңына дейін жалғасады.