ССП жұмыстарға картографиялық ілеспе жүргізу

«Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында Семей сынақ полигоны (ССП) аумағын зерттеу бойынша бюджеттік және келісімшарттық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде міндеттерді орындау бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізілуде. Картографиялық материалдарды құру және талдау: зерттеу телімдерін анықтау, сынамаларды іріктеп алу тұрақты торшасын құру, іріктеп алынған сынамаларды далалық және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жасанды, сол сияқты табиғи пайда болған радионуклидтердің таралу карта-сұлбаларын құру және басқалары далалық жұмыстарды жоспарлау кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде ССП аумағының шығыс бөлігіне арналған төлқұжаттық деректердің бірінші партиясы (сынамаларды іріктеп алудың далалық нәтижелері) алынды. Іріктеп алынған сынамалар нәтижелері деректер базасына енгізіледі, ары қарай ГАЖ-талдама арқылы жүргізілген зертханалық өлшеулер негізінде көптеген қойылған сұрақтарға жауап беруге көмектесетін, түсіну үшін нақты жеңіл қол жетімді картографиялық материал (карталар, схемалар, графикалар және кестелер және басқалары) алынатын болады. Қорытындылай келе, ССП аумағы радиоэкологиялық зерттеуіне картографиялық ілеспе жүргізу бойынша жұмыстар ертеде жоспарланған мерзімге толық сәйкес орындалуда деп атап өтуге болады.