Жеке дозиметриялық бақылау

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан бастап атом станциялары мен ядролық реакторларға дейінгі иондық сәулелену көздерін пайдаланудың барлық салаларында сыртқы дозаларға бақылауды қамтамасыз етеді. Персоналдың ЖДБ үшін филиалда автоматты режимде жұмыс істейтін Thermo жоғары сапалы жүйесі бар, бұл адам факторын минимумға әкелетін және үлкен ауқымды деректерді өңдеу сапасы мен жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. ЖДБ иондық сәулелену көздерімен жұмыс істейтін барлық ұйымдарда жүргізілуге тиіс. Ол иондық сәулелену көздерімен тікелей жұмыс істейтін персоналдың сыртқы сәулелену дозаларын бақылауға, сондай-ақ жұмыскерлерді артық сәулеленуден қорғау бойынша қажетті шараларды уақытында қабылдауға мүмкіндік береді. 2009 жылдан бастап РҚЭИ филиалы ЖДБ жүргізу жөніндегі қызметтерді сыртқы ұйымдарға ұсынып келеді. Дозиметрлерді тапсыру және жинау «қолдан қолға» приципі бойынша курьерлік қызметтің көмегімен жүргізіледі, бұл ЖДБ қызметін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша, ұйымның орналасқан жеріне қарамастан, ұсынуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың толық емес бірінші жартыжылдығы бойынша филиал 54 ұйым үшін ЖДБ қамтамасыз етті.