Жарияланған: 12.07.2021
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтің 29.06.2021 ж. № 155 бұйрығын орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК негізінде 2021 жылғы 6-8 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының ХХ конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті және Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, сондай-ақ ЯФИ РМК-ның 35 […]
Жарияланған: 26.08.2020
2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында […]
Жарияланған: 07.04.2020
Институттың басым деген бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық ахуалын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін далалық маусым басталмас бұрын жылсайын сынамаларды іріктеу көлемін анықтау, жол жүрулерді жоспарлау, жабдықтар мен құрал-аспаптарды дайындау бойынша дайындық шаралары жүргізіледі. Айта кету керек, қаншалықты болмашы деп саналса да, сынама алу құралдарының дұрыс қайралуының өзі, жұмыстың сапасына […]
Жарияланған: 22.11.2017
2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық […]
Жарияланған: 07.08.2020
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия, АҚШ және басқа елдердің ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен іскерлік байланысын орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға септігін тигізеді және ғаламдық ғылыми және іскер қауымдастыққа бірлескен даму және жетекші пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін бірегей ғылыми ноу-хауға […]
Жарияланған: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Жарияланған: 02.10.2019
2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.