«European Radioecology Alliance Association»

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2013 жылдан бастап «Радиоэкология жөніндегі Еуропалық Альянс» халықаралық қауымдастығының мүшесі болып саналады. Альянс қызметі радиоэкологиялық зерттеулер жүргізумен, білім берумен, халықты ағартумен, білімдерді басқарумен, Альянс елдерінің лайықты ұйымдарымен, сонымен қатар, ЕО мекемелерімен және басқа халықаралық ұйымдармен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия, Халықаралық радиоэкологиялық одақ) тиісінше ақпарат алмасуды қамтамасыз етумен байланысты. Альянс мүшелері өздерінің тиісті ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен әзірлемелері бөлімдерін кешенді бағдарламаларға біріктіреді, ол радиоэкологиялық құзырлықты қолдайды және эксперименттік инфрақұрылымды күшейтеді, сондай-ақ, радиоактивті заттектердің адамға және қоршаған ортаға әсерін бағалауда ғылыми және білім беру мәселелерін қарастырады. 2017 жылы Альянс Ұлыбритания, Испания және Қазақстан ғалымдары ұсынған «Тұрақты элементтерді қоршаған ортада радионуклидтердің тасымалдану процессінің көрсеткіші ретінде бағалау» халықаралық жобасын қолдаған болатын. Жобаға Экологиялық ғылыми-зерттеу кеңесі – Экология және гидрология орталығы (Ұлыбритания), Эстремадура Университеті (Испания) және ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы (Қазақстан) қатысқан. Аталған жоба шеңберінде Семей сынақ полигоны аумағында және радиоактивті түсулердің аса төмен дейгейіне ұшыраған аймақтар ретінде, Чернобыль АЭС апат салдарынан ластанған аумақта, Испания аумағында, атап айтқанда Чернобыль апаты аумағында «топырақ-өсімдік» жүйесінде жасанды радионуклидтердің өту параметрін бағалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ аналитикалық зерттеулерді зертханааралық салыстырулар жөнінде жұмыстар жүргізілуде.