«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті

2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер түрлері, тіркеу әдістері және аспаптар (радиометрлер, спектрометрлер, дозиметрлер), иондаушы сәулелендірулер әсерінің биологиялық әсерлері және кәсіби сәулеленуді бақылау енді. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу сұрақтары мен залалсыздандыру әдістері қарастырылды. Практикалық сабақтарға персонал мен тұрғындардың ішкі сәулелену дозаларын есептеу және бағалау, сонымен қатар, иондаушы сәулелендіруден қорғаудың қалыңдығын есептеу енді. Оқыту курсы аяқталған соң, алынған білімге бағалау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.