Жарияланған: 04.10.2018
1-4 қазан аралығында ғылымды, инновациялық технологияны және техникалық білім алуды дәріптеу, экологиялық сауаттылықты жоғарылату және радиофобия деңгейін төмендету, сонымен қатар, атом саласы туралы базалық білімді тарату және атом саласына деген позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Қазақстанның Ядролық қоғамының, ҮМЗ АҚ және ҚР ҰЯО РҚЭИ бірлескен күшімен Өскемен қаласының түрлі алаңдарында оқушылармен кездесулер жүргізіледі: Орталық кітапхана; Жастар […]
Жарияланған: 11.09.2020
24.01.2020 ж. ішкі №03-17/05 ҚР ҰЯО РМК бойынша өкімнің, Бас директордың 11.09.2020 ж. № 49а бұйрығының орындалуы үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында 2020 ж. 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХIХ конференция-конкурсы бейнеконференция форматында өткізілетін болады. ҚР ҰЯО РМК […]
Жарияланған: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Жарияланған: 25.12.2023
2023 жылғы 20-22 желтоқсан аралығында РҚЭИ филиалының 6 қызметкері «МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар. ҚР СТ ISO 19011-2019 талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерінің ішкі аудиті» тақырыбында оқытудан өтті. Білім алушылардың құрамына бөлімшелердің басшылары және «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығының сапасы бойынша жауапты тұлғалар, сондай-ақ филиалдың аккредиттелген бөлімшелеріне аудит […]
Жарияланған: 02.10.2019
2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
Жарияланған: 21.02.2018
2018 жылғы 15 және 16 ақпанда РФ Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік аграрлық университетінде «Табиғатты ұтымды пайдалану, экология, жерлерді мониторингілеу және кадастрлық бағалау мәселелері» дөңгелек үстелі жүргізілді, ол Алтай мемлекеттік аграрлық университетінің 75-жылдығына арналған XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның шеңберінде өткізілген болатын. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша аталған іс-шараға біздің Иниституттың мамандары Сальменбаев Саян мен Мухамедияров Нурлан қатысты, олар […]
Жарияланған: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]