2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын.

Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы  көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.