«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл

28 ақпанда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл толды. Осы тарихи жағдайға орай қаланың студенттері мен мектеп оқушыларына кітапханада «30 жыл үнсіздік. 30 лет тишины» Memorial Day (Еске алу күні) өткізілді. Іс-шарада аталған қозғалыстың пайда болуының негізгі себептері туралы, Семей полигоны туралы көп айтылды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» оқыту-ақпараттық орталығының жетекшісі Стрильчук Юрий Георгиевич және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушысы Букунова Альмира Шушановна сияқты кездесудің құрметті қонақтары «Семей сынақ полигоны. Бұрын. Қазір. Келешек» және «Полигон және адамзат» жан-жақты баяндамаларын ұсынды. Сөз сөйлеу барысында қатысушылар белсене сұрақтар қойды, айтылғандардың көбі трагедия масштабын ұғынуға айқын түсінік берген еді. Театрлық қойылымдар, тақырыптық өлеңдер біздің оқырмандардың ядролық сынақтар зардаптары туралы ойлануларына түрткі болды.