Posted: 21.04.2021
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірі аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты базасында Қазақстанның Ғылым күніне арналған «Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы өтті. Қатысушылары жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар болды, олар ғылыми мектепті жас ғалымдар мен мамандарды конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдар зерттеулерінің барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында […]
Posted: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]
Posted: 04.10.2019
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары өтті. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар «АЛЬЯНС-МEDICA» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (Өскемен қ.) қызметкерлері үшін, сонымен қатар, ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері үшін жүргізілді. Оқытудан жалпы 21 адам […]
Posted: 29.10.2018
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылдың мамыр айында ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергиясының […]
Posted: 20.02.2019
«Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясы жыл сайын ядролық кәсіпорындардың жас мамандарына «Қазақстанның ядролық әлеуеті» семинарын ұйымдастырады. 2019 жылғы 18-19 ақпанда Алматы қаласында ҚР Атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп ардагерлерінің ІІ съезінің шеңберінде «Қазақстанның ядролық әлеуеті» Жастар семинары өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша жастар семинарына РҚЭИ филиалының қызметкерлері талдаудың ядролық-физикалық әдістері зертханасының инженері Топорова Анна мен ғылыми-техникалық ақпараттар […]
Posted: 22.04.2024
2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен МУА КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ 20 жылдығына арналған «Уран өндіруші өңірлердегі медициналық-биологиялық және экологиялық проблемалар» Х Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Posted: 04.03.2021
Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі Курчатов қ., Қазақстан Республикасы, 07 – 09 Қыркүйек 2021 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК: «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» «Атом энергиясы институты» «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалдарымен «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ «Ядролық физика институты» РМК «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Қазақстанның физикалық […]
Posted: 18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін […]