Posted: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Posted: 06.03.2020
2020 ж. 5 наурызда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының кітапханасында «Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметі ғылымның радиоэкология, радиохимия, радиобиология, топырақтану, қоршаған ортаны мониторингілеу және т.б. сияқты бағыттарымен тығыз байланысты. Көрмедегі басылымдарда ұйымды, аумақты радиациялық-гигиеналық төлқұжаттау және радиоэкологиялық мониторингілеу, түрлі аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай бойынша […]
Posted: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]
Posted: 25.06.2020
Жыл сайын рентгенологиялық зерттеулер саны артып келеді, сондықтан негізінен рентгенодиагностикалық жабдықтың күйі мен жұмысының дұрыстығына тәуелді болатын жүргізілетін зерттеулердің сапасы туралы сұрақ бірінші орынға қойыла бастады. Рентгенодиагностикалық жабдықтың жұмысындағы кез келген ауытқулар пациенттерге түсетін дозалық жүктеменің жоғарылауына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкес рентгенодиагностикалық жабдықтың эксплуатациялық параметрлерін бақылауды кезеңмен қалыпты пайдалану кезінде рентгенаппараттың […]
Posted: 30.06.2020
Радионуклидтік талдау радиациялық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Алайда зерттеліп жатқан материалдың радионуклидтік құрамын сапалы анықтау СТАНДАРТТЫ ҮЛГІЛЕРСІЗ мүмкін емес, олар спектрометриялық жабдықтарды калибровкалау үшін, сол сияқты сапаны бақылау мақсатында да пайдаланылады. ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында «Стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау уческесін құру» жобасын коммерциялау шеңберінде «Ғылым қоры» […]
Posted: 05.09.2017
2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қаласында ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің шеңберінде радиациялық зерттеулер жөнінде IV Азиа конгрессі өтті. Конгресске Қазақстаннан және 10 шетел елдерінен (Жапония, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Австрия, Иран, Индия) ғалымдар мен мамандар, сонымен қатар, АТЭХАГ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «Қазатомпром ҰАҚ» АҚ өкілдері қатысты. […]