Сынақ орталығындағы сапа және аудит

2023 жылғы 20-22 желтоқсан аралығында РҚЭИ филиалының 6 қызметкері «МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар. ҚР СТ ISO 19011-2019 талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерінің ішкі аудиті» тақырыбында оқытудан өтті. Білім алушылардың құрамына бөлімшелердің басшылары және «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығының сапасы бойынша жауапты тұлғалар, сондай-ақ филиалдың аккредиттелген бөлімшелеріне аудит жүргізуге тартылған қызметкерлер кірді. 24 сағаттық семинар бағдарламасы зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын талаптарды және менеджмент жүйелерінің аудиті бойынша нұсқауларды қамтыды. Сапаға жауапты бөлімшелер басшылары мен аудиторлардың біліктілігін арттыру мақсатында «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығы мен «Радиациялық бақылау зертханасы» сынақ зертханасының менеджмент жүйесінің жұмысын қолдау және жақсарту үшін білім алды.