Posted: 27.12.2019
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы […]
Posted: 14.06.2024
2024 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы қаласында Жапонияның атом энергетикасы агенттігінің (JAEA) Ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институтының ғылыми – техникалық ынтымақтастығының 30 жылдығына ұштастырылған Steering Committee Meeting – SCM2024 Басқарушы комитетінің отырысы өтті. JAEA ядролық адам ресурстарын дамыту орталығының делегациясын Yoshihiro Nakano директоры және Takehisa Ohkura […]
Posted: 06.05.2023
РҚ ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы негізгі қызмет түрінің маңызды кезеңдерінің бірі әртүрлі зерттеліп жатқан аумақтардағы, Семей сынақ полигонын қоса алғандағы, экспедициялық (далалық) жұмыстарды жүргізу болып табылады. Жоспарланған жұмыстар көлемінің үлкен болуына байланысты экспедициялар 2023 жылы салыстырмалы түрде ерте – ақпанның соңынан басталды. Оған себеп – камералдық және техникалық жұмыстарды: елді мекеннің […]
Posted: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]
Posted: 15.10.2018
2018 жылғы 25 қыркүйектен 05 қазанға дейінгі кезеңде Ресей, Обнинск қаласында Росатом Техникалық академиясының базасында АТЭХАГ экологиялық ремедиация технологиясы бойынша: рельеф түрлерін тұрақтандыру аймақтық курстары (Regional Training Course 5 on Remediation Technologies: Landform stabilization) өтті. Аталған курс АТЭХАГ «Уран өндіруден зардап шеккен аумақтарды ремедиациялау бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін еңбек ресурстарын дамытуды […]
Posted: 11.11.2024
2024 жылғы 7-8 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Цифрлық шынайылық: Картография, ГАЖ және ЖҚЗ-дағы жаңа сұраныстар» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілі М.Т. Абишева баяндама жасады. «Жерді мониторингілеу кезінде қашықтықтан зондтау деректерін кешенді талдау (бұрынғы Семей сынақ полигонының мысалында)» атты баяндамасында ол жер […]
Posted: 04.10.2019
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары өтті. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар «АЛЬЯНС-МEDICA» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (Өскемен қ.) қызметкерлері үшін, сонымен қатар, ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері үшін жүргізілді. Оқытудан жалпы 21 адам […]
Posted: 04.10.2018
1-4 қазан аралығында ғылымды, инновациялық технологияны және техникалық білім алуды дәріптеу, экологиялық сауаттылықты жоғарылату және радиофобия деңгейін төмендету, сонымен қатар, атом саласы туралы базалық білімді тарату және атом саласына деген позитивті қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Қазақстанның Ядролық қоғамының, ҮМЗ АҚ және ҚР ҰЯО РҚЭИ бірлескен күшімен Өскемен қаласының түрлі алаңдарында оқушылармен кездесулер жүргізіледі: Орталық кітапхана; Жастар […]
Posted: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]