Posted: 12.03.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде, Қазақстанда 2018 жылы 6 аймақтық және халықаралық жоба іске асырылуда, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері олардың үйлестірушісі болып табылады: Нысандарды қауіпсіз пайдалану үшін ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық ұйымдарда ықтималдықты өсіру бойынша қызметті күшейту; Адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін сапаны […]
Posted: 15.04.2019
2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебі базасында академик Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына, профессор К.В.Радугиннің 120-жылдығына арналған академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың «Геология мәселелері және жер қойнауын игеру» XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиум бағдарламасына ғылымның түрлі саласындағы 19 секция енді, мұнда әлемнің түрлі елдерінің жас […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 02.10.2019
2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
Posted: 13.12.2024
2024 жылғы 25 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Токай (Жапония) қаласында ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының коммерциялық жобалар тобының бастығы Ю.В. Бакланова Жапонияның атом энергиясы агенттігі (JAEA) ұйымдастырған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» оқу курсынан өтті. Сондай-ақ, курсқа Бангладеш, Малайзия, Тайланд және Вьетнамның білікті мамандары қатысты. Оқыту барысында экологиялық мониторинг үшін бағдарламаларды әзірлеу және деректерді бағалау […]
Posted: 15.10.2018
2018 жылғы 25 қыркүйектен 05 қазанға дейінгі кезеңде Ресей, Обнинск қаласында Росатом Техникалық академиясының базасында АТЭХАГ экологиялық ремедиация технологиясы бойынша: рельеф түрлерін тұрақтандыру аймақтық курстары (Regional Training Course 5 on Remediation Technologies: Landform stabilization) өтті. Аталған курс АТЭХАГ «Уран өндіруден зардап шеккен аумақтарды ремедиациялау бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін еңбек ресурстарын дамытуды […]
Posted: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Posted: 26.04.2023
МИФИ ҰЗЯУ Обнинск атом энергетикасы институтында 2023 жылғы 21 – 22 сәуірде «Техногендік жүйелер және экологиялық қатер» VI Халықаралық (XIX Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның ғылыми мүдделерінің ауқымы адам өмір сүретін ортадағы техногендік факторларды зерттеуге, бұл факторлардың адамға және табиғи жүйеге әрекет етуін бағалауға, қарқынды техникалық прогресс жағдайларында биосфераның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнеркәсіпте, фармацевтикада, […]