Аналитикалық зерттеулер бөлімі келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:
Рентгенфлуоресцентті талдау (РФТ), атомды-эмиссиялық (ИСП-АЭС) және индуктивті-байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрия (ИСП-МС) әдістерімен әртүрлі нысандар сынамаларының (су, топырақ, түптік шөгінділер, өсімдіктер, аэрозольдер, биосубстраттар, ауылшаруашылық өнімдері мен тағам өнімдері, құрылыс материалдары және т.б.) элементтік құрамын анықтау. Сәйкестендірілетін элементтер қатарына литийден (Li) уранға (U) дейінгі спектр енеді. Уранның изотоптық құрамын анықтау.
Биосубстраттар мен қоршаған орта нысандары сынамаларындағы 238, 239+240Pu, 241Pu, 90Sr, 210Ро және 241Am радиохимиялық талдау. Alpha Ensamble, Alpha Analyst альфа-спектрометрлерін және сұйықсцинтилляциялық есептегіш Tri-Carb 2910TR пайдалана отырып, радионуклидтерді спектрометриялық талдау. Альфа- спектрометриялық және бета- спектрометриялық талдаулардың сезгіштігі -0,2 Бк/кг және тиісінше 7 Бк/кг.
Аталған саладағы Canberra және Ortec әлемдік көшбасшыларының тазалығы жоғары германийдің негізіндегі жартылай өткізгіш детекторларын пайдалана отырып, биосубстраттар мен қоршаған орта нысандарындағы техногенді (241Am, 137Cs, 152,154,155Eu, 60Co) және табиғи (40K, 226Ra, 228Ac, 210, 212, 214Pb, 235, 238U) радионуклидтердің белсенділігін анықтау. Гамма- спектрометриялық әдістің сезгіштігі шамамен 0,5 Бк/кг құрайды.
3Н жән 14С изотоптарының белсенділігін бос және органикалық байланысқан күйде анықтау. Sample Oxidizer автоматты қондырғысын пайдалана отырып, органикалық байланысқан күйдегі (өсімдік, тағам өнімдері) тритий мен көміртектің есептік үлгілерін даярлау. Үлгілерді талдау Қазақстан Республикасындағы бір ғана төменаялы спектрометр Quantulus 1220 жүргізіледі. Судағы тритий талдауының сезгіштігі – шамамен 5 Бк/л.
Дозиметрияның есептік әдістері мен биофизикалық әдістерін пайдалана отырып, ішкі сәулелену дозаларын бағалау. Биофизикалық әдістер уринаның тәуліктік сынамаларын (тритий, 238Pu, 239+240Pu, 210Ро, 241Am, 90Sr, 137Cs) талдаумен және адамның сәулеленуін (137Cs, 241Am) есептегіштегі өлшеулермен берілген. Дозалық жүктемелерді есептеу ағзадағы радионуклидтердің нақты құрамының негізінде жүргізіледі.
Түрлі табиғи матрицалардың (өсімдіктер, топырақ, түптік шөгінділер) негізінде радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін өндіру. Тапсырыс берушінің қалауын есепке ала отырып, оларды түзету мүмкіндігі бар стандартты үлгілердің (Pu , Zn, Cu, Pb, Cd, Co, Fe, Mn, As изотоптары, 241Am, 137Cs, 152Eu, 60Co, 90Sr) аттестатталатын параметрлерінің кең спектрі. Стандартты үлгілерді сипаттайтын көлемдер мен көрсеткіштердің аттестатталған мәндері дәлдігі жоғары спектрометриялық зерттеулердің деректері бойынша бекітіледі.
Нысандардың ықтимал радиациялық қауіптілігінің санатын және жұмыстар классын анықтау бойынша жұмыстар. Көздер мен қондырғыларды биологиялық қорғау есептеулері бойынша міндеттер.