Жарияланған: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]
Жарияланған: 30.08.2019
29 тамызда Семей қаласында Семей сынақ полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті. Дәл осы күні тура 70 жыл бұрын Семей полигонында алғашқы ядролық жарылыс болған. «Бейбітшілік» аралында жыл сайын өткізілетін акция биыл да «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының отыз жылдығына арналды. Қозғалыс өкілдері «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүлдер қойып, ядролық сынақ құрбандарын үнсіздік минутымен еске […]
Жарияланған: 03.11.2017
2017 жылғы 1-3 қараша аралығында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиоэкологияның қазіргі мәселелері жөнінде Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандарымен JAEA-NNC RK семинарын ұйымдастырған. Семинардың бірінші күні жапон делегациясы мамандарының Ұлттық ядролық орталықтың және Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының басшылығымен кездесуінен басталды. Ары қарай күн […]
Жарияланған: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Жарияланған: 17.09.2019
2019 жылғы 09-11 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі Республикалық Академия» ЖШС «Калибровкалау-тексеру сынақ зертханаларында белгісіздікті бағалау бойынша іс-тәжірибелік дағдылар» оқыту семинары өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан семинарға Марченко Олеся мен Күмісханова Салтанат қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулердің белгісіздігін бағалау, оның жіктелуі және сынақтардың […]
Жарияланған: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Жарияланған: 21.02.2020
2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер […]
Жарияланған: 31.01.2020
2019 жылдың аяқталуы «Бейбітшілік және қауіпсіздік үшін ғылым» НАТО бағдарламасының шеңберінде «Радиологиялық және ядролық төтенше жағдайлар кезіндегі сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» Грантын жеңіп алған м.ғ.к. Кенжина Лаура Болатказыевнаның жетекшілігімен РҚЭИ биодозиметриялық және эпидемиологиялық зерттеулер тобы қызметкерлерінің жетістіктерімен ерекшеленді. Бұл Бағдарлама НАТО елдері және серіктес-елдер арасында ғылыми технологиялар мен инновациялардың қауіпсіздігімен байланысты ғылыми потенциалды […]