Жарияланған: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Жарияланған: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Жарияланған: 11.09.2020
24.01.2020 ж. ішкі №03-17/05 ҚР ҰЯО РМК бойынша өкімнің, Бас директордың 11.09.2020 ж. № 49а бұйрығының орындалуы үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында 2020 ж. 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХIХ конференция-конкурсы бейнеконференция форматында өткізілетін болады. ҚР ҰЯО РМК […]
Жарияланған: 21.04.2021
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуірі аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты базасында Қазақстанның Ғылым күніне арналған «Атом. Ғылым. Технологиялар» І Халықаралық мектеп-конференциясы өтті. Қатысушылары жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар болды, олар ғылыми мектепті жас ғалымдар мен мамандарды конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру, жас ғалымдар зерттеулерінің барысы мен нәтижелерін талқылау мақсатында […]
Жарияланған: 07.08.2020
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия, АҚШ және басқа елдердің ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен іскерлік байланысын орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға септігін тигізеді және ғаламдық ғылыми және іскер қауымдастыққа бірлескен даму және жетекші пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін бірегей ғылыми ноу-хауға […]
Жарияланған: 07.04.2020
Институттың басым деген бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық ахуалын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін далалық маусым басталмас бұрын жылсайын сынамаларды іріктеу көлемін анықтау, жол жүрулерді жоспарлау, жабдықтар мен құрал-аспаптарды дайындау бойынша дайындық шаралары жүргізіледі. Айта кету керек, қаншалықты болмашы деп саналса да, сынама алу құралдарының дұрыс қайралуының өзі, жұмыстың сапасына […]
Жарияланған: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.