Радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы отандық өндірілетін радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда Филиал әзірлеген тағы бір стандартты үлгі Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінің тізімін толықтырды. Метрологиялық сараптамадан сәтті өткеннен кейін стандартты үлгі оған Мемлекеттік мәртебесін беретін және сол арқылы Республиканың бүкіл аумағында қолдануға құқық беретін сертификат алды.