Радионуклидті талдау туралы ескерту

Көктем аяқталған соң, далалық жұмыстардың басталар алдында негізгі назар экспедициялық жол жүрулерге: жұмыстар көлемін анықтау, іссапарларды жоспарлау, жабдықтарды дайындауға бөлінеді. Алайда бұл ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радионуклидті талдама зертханаларына соншалықты қиындық әкелмейді, өйткені олар жыл мезгіліне қарамастан, баяу болса да тиісті түрде қоршаған орта нысандарының жүздеген сынамаларын өңдейді. Күнделікті талдамалар өте сирек тоқтатылады. Қазіргі күнде де бұл жағдай таңсық емес. Сол сияқты гамма-спектрометриялық талдама тиісті калибровкалармен, аяны өлшеумен, Дьюара ыдысын сұйық азотпен толтырумен орындалып жатыр. Альфа- және бета-спектрометриялық талдама үшін сынамаларды радиохимиялық дайындау бойынша жұмыстар орындалуда. Жалпы және тұтасымен айтқанда – «Батыс майданда еш өзгеріссіз».