Posted: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Posted: 23.06.2023
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында жыл сайын 8-10 сынып оқушылары үшін өткізілетін «Жас физик-2023» жазғы мектебінің аясында 2023 жылғы 22 маусымда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына Курчатов қаласы мен Ақжар ауылы мектептерінің 44 оқушысы келді. Филиалға келу бағдарламасы дәрістік сабақтармен қатар тәжірибелік бөлімді де […]
Posted: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Posted: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]
Posted: 10.06.2021
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында 2021 жылғы 7-18 маусым және 7-19 шілде аралығында бейнеконференция форматында «Радиоэкология және радиациялық қауіпсіздік саласындағы мәтіндерді жазбаша және ауызша дәйекті аудару әдістері» тақырыбы бойынша семинар жоспарланған. Оқудан оқыту-ақпараттандыру орталығындағы ғылыми-техникалық ақпарат бюросының 2 қызметкері Томилов Константин мен Ковтун Вадим өтеді. Оқыту бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды, […]
Posted: 29.04.2021
2021 жылғы 22-23 сәуір аралығында «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ базасында (Обнинск қ. Ресей) «Радиациялық апаттардың радиоэкологиялық зардаптары: ЧАЭС-тегі апаттың 35-жылдығына орай» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты ірі радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың табиғи және аграрлық экожүйелер үшін радиологиялық зардаптарын талдау және қорытындылау, ластанған аумақтарды оңалту стратегияларын дамыту және оларды қалыпты өмір […]
Posted: 10.02.2020
2020 жылғы 03-07 ақпан аралығында Австриядағы Веналық халықаралық орталықта Атом энергетикасы жөніндегі Халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) штаб-пәтерінде «Изотоптық гидрология» аналитикалық зертханалары өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданушы әртүрлі 25 ұйымның өкілдері қатысты, олардың қатарында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері мониторингілік зерттеулер зертханасының бастығы М.Р. […]
Posted: 24.04.2017
Конференция ұйымдастырушылары «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Г. Батырбековтың ҚР ҰЯО бойынша 02.02.2017 жылғы № 03-17/18 ішкі өкімін және оған 09.02.2017 ж. № 03-17/28 ішкі толықтыруды орындау үшін Курчатов қаласында ҚР […]
Posted: 07.09.2020
Ағымдағы жылы ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты «Қазақстан радиоэкологиясының өзекті мәселелері» топтамасының кітаптарын сыйға тартудың дәстүрге айналған акциясын ұйымдастырды. Үш тілдегі кітаптың алты шығарылымын Павлодар қ. Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының филиалы және Орталықтандырылған қалалық кітапханасы; РҒТК Ақмола филиалының ғылыми-техникалық кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кітапханасы және Л.Н. Гумилев […]