Испаниядағы экологиялық мутагенез және генотоксикология бойынша 51-ші Еуропалық Конгресс

НАТО №5684 «Радиологиялық апатты жағдайлардағы жаңа биологиялық және физикалық сұрыптау әдістері» жобасының шеңберінде Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері: биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы медициналық ғылымдар кандидаты Л.Б.Кенжина мен зертхананың жетекші маманы Д.Б.Бияхметова Испания, Малага қаласында 2023 жылғы 15 және 18 мамыр аралығында өткен Еуропалық экологиялық мутагенез және геномика қоғамының (EEMGS2023) 51-ші Конгресіне қатысты. Аталған Конгресс «Генотоксикологияның күнгей жағалауына қайта оралу: жаңа әзірлемелер мен қосымшаларды меңгеру» ұранымен өтті. Конгрестің жаңа бағдарламасы геноуыттылықтың қолданбалы және нормативтік тестілеуіне басты назар аудара отыра, мутагенез, экологиялық геномика саласындағы соңғы ашылулар мен ағымдағы жетістіктерге арналды. биодозиметриялық зерттеулер зертханасының қызметкерлері «Реттеу саласындағы қатерлер мен шешімдерді қабылдауды бағалау үшін генетикалық уыттылықтың доза-әсері туралы деректерді мөлшерлік түсіндіру» сателлиттік семинарына қатысты. Әртүрлі коммуникациялық аспаптарды қолданумен Жобаның қызметі туралы ақпараттандыру, қоғамдастықтың кең көлемін және кәсіби орталардың танып-білуін қамтамасыз ету «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасының миссиясына сәйкес келеді, азаматтық ғылым мен инновация арқылы серіктес елдер мен НАТО арасындағы ынтымақтастық пен ашық диалогты нығайтады.















BIYAKHMETOVA_attendance_EEMGS23 KENZHINA_attendance_EEMGS23