Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Posted: 04.07.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиоэкологиялық және биогеохимиялық зерттеулер зертханасының бастығы Поливкина Елена Николаевнаны 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының «ғылыми атақ беру туралы» 19.06.2024 жылғы […]
Posted: 08.04.2020
Осы жылдағы алғашқы тәжірибелік өнім жиналып алынды және өзінің «зертханалық сағатын» күтуде, ол «топрырақ-өсімдік» жүйесінде радионуклидтердің жылыстауының барлық құпиясын ашуы тиіс! Жақын арада бұрыш өнімі бізді қуантуы тиіс, ол ерекше әдіс арқылы тритий радионуклидінің жоғары меншікті белсенділігі бар гидропонды қондырғылардағы суды пайдалана отырып өсіріледі. Аталған тәжірибе ассимиляциялану және «су-өсімдік» жүйесіндегі радионуклидтің тамырға түсуі кезінде өсімдікте […]
Posted: 28.05.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан […]
Posted: 15.08.2023
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 24 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады. Экскурсия кестесі: 10.00-ден 12.00-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде, 14.30-дан 16.30-ға дейін ағылшын тілінде. Ниет білдірушілер өтінімдерін 2023 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімде аты-жөнін, келетін уақытын көрсете отырып беруі, […]
Posted: 27.12.2019
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы […]