Жергілікті инспекция бойынша 25-ші аймақтық кіріспе курсы (RIC-25)

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТСШ) ұйымдарының ұлттық техникалық сарапшыларын даярлау шеңберінде 2023 жылғы 24 және 30 сәуір аралығында Словакиядағы Братислава қ. ауданында Жергілікті инспекция бойынша 25-ші аймақтық кіріспе курсы (RIC-25) өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығынан курста Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиологиялық зерттеулер зертханасының бастығы П.Е.Кривицкий қатысты. Аталмыш курстың негізгі бағыты қажетті алдын ала және есептік құжаттаманы дайындауды, жергілікті инспекция орнына баруын және ядролық сынақтарды жүргізу белгілерінің болуына алғашқы бағалау жүргізуді қамтитын жергілікті инспекция режимімен Шартқа қол қойған мемлекеттердің ұлттық техникалық сарапшылары мен персоналын таныстыру болып табылады. Апталық курстың барысында ЯСЖТСШ жұмыстарын жүргізу мен бағыттарын зерттеу бойынша дәрістік сабақтар, сондай-ақ инспекциялық топтың далалық жағдайлардағы жүріп-тұруының әртүрлі сценарийін дайындау бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Топ қатысушыларының мемлекеттік органдармен болжамды өзара іс-әрекетін қамтитын жол жүру жоспарын әзірлеу, көзбен шолу арқылы зерттеп-қарауды қамтитын инспекциялық жол жүрулерді ұйымдастыру және жүргізу, елді мекеннің жоспарын құру, радиациялық және өзге де өлшеулерді жүргізу, қоршаған орта сынамаларын іріктеу жүргізілді. Курстың нәтижелері бойынша ЯСЖТСШ-мен өзара қарым-қатынас жасау бойынша, сондай-ақ жаңа техникалық шешімдер және алдыңғы қатарлы жабдық түрлерін пайдалану бойынша да құнды іс-тәжірибе алынды.