«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК  Жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХIV конференция-конкурсы

 

БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 21-23 мамыр

Курчатов қ., Абай облысы, Қазақстан Республикасы
ҚР ҰЯО РМК бас директорының міндетін атқарушының 04.02.2025 жылғы ішкі № 03-07/45 өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК негізінде 2025 жылғы 21-23 мамыр аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының ХХIV конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті және Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК, сондай-ақ ЯФИ РМК мен «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ-ның 35 жасқа дейінгі қызметкерлерін атом саласы тақырыбы бойынша жұмыстармен (іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық) конференция-конкурсқа қатысуға шақырады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ

«ҚР ҰЯО жаршысы», «Адам. Энергия. Атом» журналдары

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

  • 20 мамыр, сейсенбі – келу күні.
  • 21 мамыр, сәрсенбі – тіркелу, ашылу күні, конкурсанттардың баяндамалары
  • 22 мамыр, бейсенбі – конкурсанттардың баяндамалары
  • 23 мамыр, жұма – конкурстың аяқталуы, экскурсиялар
  • 24 мамыр, сенбі – кері қайту күні

МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР

  • 5 сәуір – конкурсқа қатысуға өтінім қабылдаудың аяқталуы
  • 22 сәуір (сағат 18-ге дейін) – конкурстық жұмыстарды қабылдау
  • 30 сәуір – конкурсқа жіберу туралы шешім және жеребе тастау
  • 6 мамыр – екінші ақпараттық хабарламаны шығару

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТУ ОРНЫ

ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының конференция-конкурсы ҚР ҰЯО РМК конференц-залында өтеді (Бейбiт атом көшесі, 2Б, 1-ші қабат)

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТУ ТІЛІ

Конференция қазақ және орыс тілінде өткізіледі

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға: Қабдырақова Алуа Мырзағазықызы, ҚР ҰЯО РМК ғалым хатшысы Хатшы: Буданова Гүлмира Омарбекқызы – ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрлар даярлау бөлімінің маманы Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
  • Әбішева Мария Төлеуханқызы − ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
  • Котляр Елена Сергеевна − ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми-талдамалық ақпарат және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы;
  • Юрьева Татьяна Николаевна − ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ғалым хатшысы тобының ғылыми бағдарламаларды сүйемелдеу жөніндегі маманы;
  • Жолдыбаев Тимур Қадыржанұлы − ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР МЭ ЯФИ РМК ядролық физика бөлімінің бастығы;
  • Әбдіқалық Айдана Айтуғанқызы − «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ Ғылым, СМ және СЖМ департаментінің менеджері;
  • Жанболатова Ғайния Қайырдықызы − PhD, ЖҒМК мүшесі, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының сутегі энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттер орталығының аға ғылыми қызметкері.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Төраға: Витюк Владимир Анатольевич, PhD, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Төрағаның орынбасары: Сқақов Мәжін Қанапияұлы, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰЯО РМК бас ғылыми қызметкері Қазылар алқасының хатшысы: Баранов Сергей Александрович, б.ғ.к., ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрлар даярлау бөлімінің бас маманы Қазылар алқасының мүшелері:
  • Субботин Сергей Борисович − г.-м.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ мониторингілеу және экологиялық-талдамалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
  • Кенжина Лаура Болатқазықызы − м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы;
  • Сапатаев Ержан Ернатұлы − PhD, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы;
  • Өмірғали Арманбек Қасымұлы − PhD, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ Ғылым, СМ және СЖМ департаментінің директоры;
  • Игібаев Ұлан Аманұлы − ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының ғалым хатшысы;
  • Өзбеков Абылай Нұрсәрсенұлы − PhD, ҚР ҰЯО РМК ГЗИ филиалының Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығының аға ғылыми қызметкері;
  • Жолдыбаев Тимур Қадыржанұлы − ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР ЭМ ЯФИ РМК ядролық физика бөлімінің бастығы;
  • Мұхамедов Нұржан Еролұлы
  • Кривицкий Павел Евгеньевич − PhD, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының реактор қондырғыларын әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы;
  • ЖҒМК мүшесі, ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің радиациялық зерттеулер зертханасының бастығы.

ӨТІНІМДЕР МЕН КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ

Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар ұйымдастыру комитетінің мүшелері арқылы ұсынылады:
  • Буданова Гүлмира Омарбекқызы (ҚР ҰЯО РМК), тел.: +7 (72251) 3-33-33 (ішкі 430); e-mail: budanova@nnc.kz
  • Әбішева Мария Төлеуханқызы (РҚЭИ филиалы), тел.: +7 (722-51) 3-30-12 (ішкі 241); e-mail: abisheva@nnc.kz
  • Котляр Елена Сергеевна (АЭИ филиалы), тел.: +7 (722-51) 2-35-49 (ішкі 44-57); e-mail: kotlyar_e@nnc.kz
  • Юрьева Татьяна Николаевна (ГЗИ филиалы), тел.: +7 (722-51) 3-47-77 (ішкі 137); e-mail: yuryeva@igr.kz
  • Жолдыбаев Тимур Қадыржанұлы (ҚР МЭ ЯФИ РМК), тел.: +7 (727) 3 86-52-61 (ішкі 210); e-mail: zhodybayev@inp.kz
  • Әбдіқалық Айдана Айтуғанқызы («Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ), тел.: 8 701 960 00 97; e-mail: aomirgali@kazatomprom.kz
«ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ережесінен»:
  • Конкурсқа маманның немесе мамандар тобының (4 автордан аспайтын) өздігінен жүргізген зерттеулері болып табылатын бірегей ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (соңғы 2 жылда ғылыми мақалалар, конференциялардағы баяндамалар немесе есептер түрінде жарияланған) қатыстырылады.
  • Жұмыстар конкурсқа ҒТК және Институттардың ғылыми кеңестерінің шешімімен ұсынылады.
  • Конкурсқа қатысушылар конференция-конкурс басталғанға дейін кемінде 1 ай бұрын МЕМСТ 7.32-2017-ге сәйкес ресімделген жұмысты қазылар алқасының хатшысына ұсынады.
  • Конкурстық жұмыстар 2 нұсқада – электрондық және қағаз нұсқада, ҒТК ұсынымымен бірге тапсырылады. Баяндамалар бойынша мақалалар мәтіні ұйымдастыру комитетінің хатшысына оның мүшелері арқылы жолданады.
  • Конкурстан тыс қатысу үшін басқа да ғылыми және білім беру ұйымдарының жас ғалымдары шақырылады.

БАЙЛАНЫС МЕКЕНЖАЙЛАРЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 180010, Абай облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көшесі, 2Б, 313-кабинет
  • Қабдырақова А. М. kabdyrakova@nnc.kz; тел: 8(72251) 3 3333 ішкі 432
  • Буданова Г. О. budanova@nnc.kz; тел: 8(72251) 3 3333 ішкі 430