Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау
04.04.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзету мекемелерінде рентген (медициналық, тексеру) жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау келісімшарттық негізде жұмыс орнына шығып және қондырғы сипаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды мен жабдықтың өлшенген сипаттамалары көрсетілген хаттаманы ұсына отырып жүргізіледі. Эксплуатациялық параметрлерді бақылау деген нені білдіреді?
Бұл, ең алдымен, рентген аппараттарының бейне сапасына және тиісінше алынатын диагностикалық ақпараттың дәлдігіне, сондай-ақ, пациент пен персоналдың сәулелену дозасының деңгейіне әсер ететін негізгі сипаттамаларын бақылау. Бақылаудың бұл түрі жабдықтың ағымдағы жағдайы мен оның жұмыс істеу сапасын бағалау жөніндегі маңызды іс-шара болып табылады. Жабдық жұмысының сапасы, ақыр аяғында, пациент алатын, ал кейбір жағдайларда, рентгенолог дәрігер алатын дозаға әсер ететіні даусыз.
Бақылаудың бұл түрі бойынша алғашқы талаптар Қазақстан Республикасында 2008 жылы енгізілді және «Радиациялық – қауіпті нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» қосылды. Осы талаптармен келесі параметрлер регламенттеледі: анодты кернеу қондырғысы мен экспозициялау уақытының тұрақтылығы, өндіргіштігі мен дәлдігі, рентген түтігінің радиациялық шығуы, сәулелену шоғыры геометриясын бақылау, фотопроцессті бақылау.
2018 жылдың басында рентген диагностикалық және тексеру аппараттарының 48 бірлігі тексерілген, олардың біреуінде ғана ауытқу тіркелген.
2018 жылы жұмыстар «географиясына» Алматы облысы қосылды.