Жарияланған: 10.02.2020
2020 жылғы 02-07 ақпан аралығында Жапонияда (Фукусима қ.) контрмераларды әзірлеп және қолдана отырып, Фукусима префектурасы аумағын ұзақ мерзімді радиациялық мониторингілеуге байланысты сұрақтарды талқылауға арналған Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті. Қазақстан Республикасынан миссия жұмысына АТЭХАГ сарапшысы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері экожүйелерді кешенді зерттеу […]
Жарияланған: 19.11.2019
2019 жылғы 11-14 қараша арлығында Жапонияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Toshiba Energy Systems & Solutions Corp. и Marubeni Utility Services мамандары арасында 2-ғылыми-техникалық семинар өтті. Семинарда Fukushima АЭС апат зардаптарымен байланысты техникалық және экологиялық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Бүгінгі күндері алынған нәтижелер Fukushima АЭС апатты реакторларынан кориумды алу бойынша жұмыстардың белсенді фазаларын дайындауда […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Жарияланған: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Жарияланған: 12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты. Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық […]
Жарияланған: 22.11.2017
2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық […]
Жарияланған: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Жарияланған: 24.09.2018
2018 жылғы 03-07 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкері Актаев Медет «Ядролық қондырғыларды орнату кезіндегі радиологиялық әсер етулерді, топан суды және геотехникалық аспектілерді бағалау» сұрағы бойынша Азия желісінің аймақтық тобы АТЭХАГ сарапшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысты, кездесу биылғы жылы Таиланд, Бангкок қаласында өтті. Кеңес қатысушылары ядролық қондырғыларды пайдаланудың халықаралық нормативтік-құқықтық талаптары мен геотехникалық […]