Posted: 26.04.2023
МИФИ ҰЗЯУ Обнинск атом энергетикасы институтында 2023 жылғы 21 – 22 сәуірде «Техногендік жүйелер және экологиялық қатер» VI Халықаралық (XIX Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның ғылыми мүдделерінің ауқымы адам өмір сүретін ортадағы техногендік факторларды зерттеуге, бұл факторлардың адамға және табиғи жүйеге әрекет етуін бағалауға, қарқынды техникалық прогресс жағдайларында биосфераның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнеркәсіпте, фармацевтикада, […]
Posted: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Posted: 06.03.2020
2020 ж. 5 наурызда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының кітапханасында «Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметі ғылымның радиоэкология, радиохимия, радиобиология, топырақтану, қоршаған ортаны мониторингілеу және т.б. сияқты бағыттарымен тығыз байланысты. Көрмедегі басылымдарда ұйымды, аумақты радиациялық-гигиеналық төлқұжаттау және радиоэкологиялық мониторингілеу, түрлі аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай бойынша […]
Posted: 23.06.2023
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК мен «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында жыл сайын 8-10 сынып оқушылары үшін өткізілетін «Жас физик-2023» жазғы мектебінің аясында 2023 жылғы 22 маусымда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына Курчатов қаласы мен Ақжар ауылы мектептерінің 44 оқушысы келді. Филиалға келу бағдарламасы дәрістік сабақтармен қатар тәжірибелік бөлімді де […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Posted: 30.07.2024
«А.Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты» БМ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1-бап) шеңберінде ағымдағы жылдың 22-26 шілдесі аралығында Беларусь Республикасынан делегация қабылданды. ҚР Ұлттық ядролық орталығына Ядролық және радиациялық қауіпсіздік кафедрасының қызметкерлері: профессор А.И. Киевицкая, доцент О.В. Гусакова және аға оқытушы Т.В. Дашкевич келді. Сапар бағдарламасына сәйкес, […]
Posted: 29.04.2020
Көктем аяқталған соң, далалық жұмыстардың басталар алдында негізгі назар экспедициялық жол жүрулерге: жұмыстар көлемін анықтау, іссапарларды жоспарлау, жабдықтарды дайындауға бөлінеді. Алайда бұл ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радионуклидті талдама зертханаларына соншалықты қиындық әкелмейді, өйткені олар жыл мезгіліне қарамастан, баяу болса да тиісті түрде қоршаған орта нысандарының жүздеген сынамаларын өңдейді. Күнделікті талдамалар өте […]
Posted: 21.05.2020
Лицензиялау туралы заңға сәйкес, бұрынғы сынақ полигонында осы тәрізді жұмыстарды жүргізу радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалар қатаң сақталғанда ғана жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты, ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы ССП шаруашылық қызмет жүргізетін кәсіпорындарға радиациялық ілеспелерді үнемі жүзеге асырып отырады. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде ауа және су ортасына радиациялық мониторингілеу, топырақтағы […]