Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Posted: 18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін […]
Posted: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Posted: 29.07.2019
2019 жылғы 21-24 мамыр аралығында АҚШ МО URS/АУУ қолдауымен Үлбі металлургия зауыты негізінде АТЭХАГ әзірлеген сценарий бойынша командалық-штабтық оқытулар жүргізілді. Аталған іс-шараға АҚШ, Ресей және Қазақстан мамандары қатысты, «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Захаров Вадим Сергеевич қатысты. Оқытулар ведомстволық бөлімшелер (Ұлттық гвардия, Ұлттық […]
Posted: 07.04.2020
Институттың басым деген бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық ахуалын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін далалық маусым басталмас бұрын жылсайын сынамаларды іріктеу көлемін анықтау, жол жүрулерді жоспарлау, жабдықтар мен құрал-аспаптарды дайындау бойынша дайындық шаралары жүргізіледі. Айта кету керек, қаншалықты болмашы деп саналса да, сынама алу құралдарының дұрыс қайралуының өзі, жұмыстың сапасына […]
Posted: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Posted: 07.12.2017
Филиал басшысы Сергей Лукашенконы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына өтуімен құттықтаймыз. Аталған жоба мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберіндегі, сонымен қатар, қоғамның көңілін замандастар тарихына аудартуға арналған бастамасы болған. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» жобасына өтінімдерді іріктеудің мақсаты мен басты критерийі егемен Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ең лайықты азаматтарды […]