Posted: 06.09.2023
2023 жылғы 28-29 тамыз аралығында Семей қаласында көрнекті ғалым Б.А. Атчабаровты еске алуға арналған және «Семей медицина университеті» КАҚ 70 жылдығына орай ұйымдастырылған XVI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара Қазақстанның ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Жапония, Франция, Үндістан, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғалымдары, дәрігерлері мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Конференция клиникалық […]
Posted: 11.10.2018
2018 жылғы 27 және 28 қыркүйекте Гомель қаласында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Радиобиология институты базасында «Радиобиология: Өзекті мәселелер» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, оған түрлі елдердің (Беларусь, Қазақстан, Литва, Ресей, Швеция, Жапония) ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан конференция жұмысына Н.В. Ларионова және А.Е. Кундузбаева қатысты, олар «Семей полигонындағы ядролық […]
Posted: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Posted: 23.02.2018
2018 жылғы 21 ақпанда жас буынды туған елінің тарихымен және ерекшелігімен ақпараттандыру, сонымен қатар, Ұлттық ядролық орталығы және оның қызметімен таныстыру мақсатында, Курчатов қаласы № 4 мектебінің жоғарғы сыныптары оқушылары мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК жас мамандарының кездесуі өтті. Оқушылар назарына ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ғылыми қызметкері Арман Миниязов пен […]
Posted: 03.05.2023
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТСШ) ұйымдарының ұлттық техникалық сарапшыларын даярлау шеңберінде 2023 жылғы 24 және 30 сәуір аралығында Словакиядағы Братислава қ. ауданында Жергілікті инспекция бойынша 25-ші аймақтық кіріспе курсы (RIC-25) өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығынан курста Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиологиялық зерттеулер зертханасының бастығы П.Е.Кривицкий қатысты. Аталмыш курстың негізгі бағыты […]
Posted: 04.04.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзету мекемелерінде рентген (медициналық, тексеру) жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау келісімшарттық негізде жұмыс орнына шығып және қондырғы сипаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды мен жабдықтың өлшенген […]
Posted: 26.04.2023
МИФИ ҰЗЯУ Обнинск атом энергетикасы институтында 2023 жылғы 21 – 22 сәуірде «Техногендік жүйелер және экологиялық қатер» VI Халықаралық (XIX Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның ғылыми мүдделерінің ауқымы адам өмір сүретін ортадағы техногендік факторларды зерттеуге, бұл факторлардың адамға және табиғи жүйеге әрекет етуін бағалауға, қарқынды техникалық прогресс жағдайларында биосфераның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнеркәсіпте, фармацевтикада, […]
Posted: 16.09.2019
2019 жылғы 07-13 қыркүйек аралығында Чех Республикасында (Прага қ.) ENVIRA 2019 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 5-ші Халықаралық конференция өтті. Конференция Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы, Радиоэкологияның халықаралық одағы, Еуропалық ғылым және өнер академиясы, Братиславадағы Комениус Университетінің серіктестігімен Прагадағы Чех техникалық университеті және Чех ғылымдар академиясының Ядролық физика институтымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жасанды және табиғи радионуклидтердің […]