ENVIRA-2023

ҚР БҒМ АР14869391 «Қазақстанның аридті жағдайларындағы далалық экожүйелердің негізгі құрауыштарында тритийдің қайта таралуын зерттеу» гранттық қаржыландыру шеңберінде 17 және 22 қыркүйек аралығында Тимонова Любовь ENVIRA-2023 қоршаған ортаның радиоактивтілігі бойынша Халықаралық ғылыми конференцияда «ССП топырағының тритиймен ластануы» тақырыбындағы ауызша баяндамасымен қатысты. Севиль университеті мен Испания, Братиславадағы Коменский Университетімен, Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы бірлесе отыра конференция ұйымдастырушылары болды.

Конференцияда келесі: қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеудегі жаңа міндеттер; аналитикалық технологиялар саласындағы соңғы әзірлемелер; қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеудегі прогресс; радионуклидтер экологиялық процестердің индикаторы іспетті; жер және теңіз радиоактивтілігі; климаттың өзгеруін зерттеудегі радионуклидтер; экологиялық процестерді үлгілеу; ядролық қондырғылардың қоршаған ортаға радионуклидті әсері және оларды пайдаланудан шығару; радиоэкологиядағы прогресс; қоршаған ортаның радиоактивтілігін зерттеу үшін стандартты материалдар және басқа тақырыптар бойынша 250-ден астам ғылыми баяндама ұсынылды.

ENVIRA 2023 Participation certificate