- Эквивалентті дозаның қуатын бақылау.
- Альфа-, бета- бөлшектері ағынының тығыздығын бақылау.
- Ауадағы радон және торон еншілес өнімдерін анықтау.
- Судағы радон құрамын анықтау.
- Тұрғын үй және ғимараттарды салуға аумақтар телімдерін зерттеу.
- Металл сынықтарына өндірістік радиациялық бақылау жүргізу.
- Қатты отынның (көмір) радиоактивтілігін бағалау.
- Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде және радиациялық апаттар жағдайларындағы радиациялық ахуалды бақылау.
- Жұмыс беттерінің, жабдықтардың, көлік құралдарының, жеке қорғаныс құралдарының, персоналдың тері жамылғысы мен киімдерінің радиоактивті заттектермен ластану деңгейін өлшеу.
- Гамма-сәулелену тиімді дозасының қуатын және бөлмежайға радонның түсуін төмендетуге бағытталған қорғаныс шараларын әзірлеу.
- Өндірістік радиациялық бақылау жүйелерін әзірлеу.
Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау деген бейнелер сапасының төмендеуіне және пациенттердің қайта сәулеленуіне әкелетін жұмыс сипаттамаларының сәйкессіздіктерін анықтау мақсатында рентгендиагностикалық аппараттардың негізгі жұмыс параметрлеріне өлшеулер жүргізуді білдіреді. Барлық зерттеулер барлық нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келетін тест-нысандар мен заманауи өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Зертхана Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріндегі түрлі типтегі және тағайындалудағы медициналық рентгенаппаратарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Радиациялық қорғау құралдарын бақылау.
- Жұмыс орындарын дозиметрлік бақылау.
- Сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін радиациялық қорғауды есептеу.
Жеке дозиметрлік бақылау иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істейтін персонал үшін жүргізіледі.
- тау-кен өндіру, мұнай- және газ өндіру кәсіпорындары;
- радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату және тасымалдаумен айналысатын ұйымдарда;
- рентгенрадиологиялық медициналық кабинеттер, АҚ және ТЖ бөлімшелері, кедендік және жол комитеттері сияқты радиациялық-қауіпті жұмыстарды жүргізетін кәсіпорындарда.
Жеке дозаларды бақылау тобының қарамағында тек тиімді дозаны ғана емес, теріге және көз қарашығына арналған эквивалентті дозаларды да тіркеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдық бар.