Кездесуде «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК-ның «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының атынан радиобиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы Елена Николаевна Поливкина қатысты. Ол осы жобаның Қазақстан Республикасы тарапынан жетекшісі болып табылады.
Семинар барысында қатысушылар аралық қорытындыларды шығарып, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады және әр елдің есептерін тыңдады.
Топырақ жамылғысынан көмірқышқыл газының шығарылуын бағалау саласында Азияның жетекші ғалымдарымен тәжірибе алмасудың институт үшін маңызы зор. Алынған білім Қазақстандағы климаттық өзгерістерді бағалауға және олардың салдарын жеңілдетуге байланысты жаңа ғылыми бағытты табысты дамытуға мүмкіндік береді.




