2026 жылғы 22–24 қазан аралығында Кушадасы қаласында (Түркия) INSTEC 2026 Ядролық ғылымдар мен технологиялар жөніндегі халықаралық конференция (International Nuclear Sciences and Technologies Conference) өтті.
Конференцияға РБЗБ ФХЗЗ бастығы А. Е. Кундузбаева қатысып, «Қазақстан Республикасының дала аймағы топырақтарындағы жасанды радионуклидтердің кездесетін формалары» тақырыбында баяндама жасады. Зерттеу ҚР ҒЖБМ-нің АР26194435 «Қазақстан Республикасының далалық табиғи аймағының топырақ-өсімдік жамылғысындағы жасанды және табиғи радионуклидтердің фондық деңгейі мен жылыстау қабілетін бағалау» гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде орындалды.
Конференция әлемнің әртүрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандардың басын қосты. Бағдарламаға ядролық энергетика, ядролық физика мен технологиялар, ядролық медицина, радиациялық қауіпсіздік және қорғаныс, радиобиология, радиоэкология, нанотехнологиялар және басқа да сабақтас бағыттардың өзекті мәселелері енгізілді.
Тарихы 44 жылды қамтитын INSTEC халықаралық конференциясы ғылыми және технологиялық білім алмасуға, зерттеу нәтижелерін талқылауға, сондай-ақ университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң болып табылады. Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды нығайтуға және болашақ бірлескен зерттеулердің негізін қалыптастыруға ықпал етеді.


