NREP халықаралық курсына қатысу

2026 жылғы 7-28 қазан аралығында Жапонияда (Токай қ.) ядролық және радиологиялық авариялық дайындық және ден қою жөніндегі нұсқаушыларды даярлаудың (Nuclear and Radiological Emergency Preparedness) халықаралық курсы өтуде, оған 8 елдің (Бангладеш, Қазақстан, Индонезия, Малайзия және т.б.) мамандары қатысады. Бұл курсқа ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар тобының бастығы А.В. Топорова қатысуда. Курсты Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ядролық қаруды таратпау, ядролық қауіпсіздік және адам ресурстарын дамыту саласындағы интеграцияланған қолдау орталығы (ISCN) ұйымдастырды.

Бағдарлама радиациялық қорғау, сәулелену дозаларын бағалау, радиациялық мониторинг және ядролық және радиологиялық аварияларға ден қою саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Тәжірибелік сабақтарға, төтенше жағдайларды модельдеуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және мамандандырылған пәндерді оқыту дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.

Курс шеңберінде Жапонияның бейінді объектілеріне, оның ішінде Ұлы шығыс-жапон жер сілкінісі мен ядролық апаттың мемориалдық мұражайына, «Фукусима-Дайни» атом электр станциясына, JAEA ядролық апаттық жағдайлар бойынша көмек және дайындық орталығына (NEAT) және Ибараки префектурасының радиациялық жағдайды бақылау орталығына таныстыру сапарлары жоспарланған.

Курсқа қатысу апаттық дайындық және ден қою саласындағы жапондық тәжірибемен танысуға, сондай-ақ алған білімдерін ҚР ҰЯО РМК ғылыми және оқу қызметінде пайдалануға мүмкіндік береді.