2026 жылғы 4–6 наурыз аралығында Қазақстанның Өскемен қаласындағы Қазақстан стандарттау және метрология институтында (ҚазСтандарт) «Мөлшерлік химиялық талдау нәтижелерінің зертханаішілік сапасын бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинары өтті. Семинарға радиациялық-экологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөліміндегі физика-химиялық зертханасының мамандары А.Т. Меньдубаев, Т.К. Мусатаева және Э. Тойшыбайқызы қатысты. Оқу барысында зертханаішілік сапа бақылауын нормативтік қамтамасыз ету, өлшеу нәтижелерінің сапасын бағалау әдістері, сондай-ақ зертханаішілік бақылауды ұйымдастырудың жалпы мәселелері қарастырылды. Семинар барысында қатысушыларға аталған тақырып бойынша теориялық және практикалық ақпарат ұсынылды.
Семинар «Мөлшерлік химиялық талдау нәтижелерінің зертханаішілік сапасын бақылауды ұйымдастыру»
12.03.2026


