2025 жылы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қорытындысы бойынша ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ғылыми хатшысы Ларионова Наталья Владимировна «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығының 2025 жылғы лауреаты атанғанын зор мақтанышпен хабарлаймыз (Республикалық конкурстық комиссияның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 қорытынды отырысының хаттамасы). Аталған сыйлық РҚЭИ филиалының қызметкеріне алғаш рет табысталып отыр, бұл Наталья Владимировнаның ғылыми және кәсіби қызметінің жоғары деңгейін айқындайды.
Құрметті Наталья Владимировна! Сіздің жұмысқа деген жауапты көзқарасыңыз бен жоғары кәсібилігіңіз әріптестеріңізге үлгі болып, ғылымды және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесіңізді дәлелдейді.
РҚЭИ филиалының ұжымы Н.В. Ларионованы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жетістіктер мен батыл идеяларға, белгіленген барлық жоспарлардың сәтті жүзеге асуына, зор денсаулық пен сарқылмас күш-қуат тілейді. Алда әлі талай жаңа жеңістер мен ғылыми жаңалықтар молынан болсын!


