ҚР ҰЯО РМК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ

2025 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері Е.Н. Поливкина, Р.Г. Ермакова және Е.С. Сысоева «Генетика. Эволюция. Радиоэкология» атты Екатеринбург қаласында (РФ) Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы институтының алаңында өткен Халықаралық бүкілресейлік конференциясына қатысты. Конференция тақырыбы генетика, эволюция, популяциялар мен қауымдастықтар экологиясы, биофизика, радиобиология, сондай-ақ импакты аумақтар экологиясы мәселелерін қамтыды. ҚР ҰЯО командасы Семей сынақ полигонының топырақтарында тығыз байланысқан тритийдің биологиялық қолжетімділігі; полигонның экожүйесіне радиациялық факторлардың әсері; радиоактивті ластанған суларды тазарту кезінде әртүрлі сипаттағы сорбенттердің тиімділігіне байланысты зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Сонымен қатар, бір уақытта А.Е. Құндызбаева мен А.М. Қабдырақова ENVIRA 2025 – Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 8-ші халықаралық конференцияға қатысты (Краков қ., ПАН Ядролық физика институты). Конференцияға қатысушылар ҚР ҰЯО-да өткізілген радиоэкологиялық зерттеулер бойынша жаңа нәтижелер ұсынды. Бағдарламада аналитикалық технологиялар мен тасымалдау моделдеуінен бастап радионуклидтерді табиғи үдерістер мен климаттың индикаторлары ретінде қолдану, құрлықтағы және теңіздегі радиоактивтілік, ядролық қондырғылардың әсері мен оларды пайдаланудан шығару, сондай-ақ стандартты материалдарды әзірлеуге дейін 250-ден астам баяндама қамтылды. Конференцияларға қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ұсынылған нәтижелер бойынша кері байланыс алуға мүмкіндік берді.