ММУ іс-тәжірибесі
12.07.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы келісімшартық негізде тек Қазақстан оқу орындарының ғана емес, ТМД елдерінің студенттеріне де өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерін ұйымдастырады.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен жасалған келісімшарт шеңберінде 2018 жылғы 01 маусымнан 12 шілдеге дейін 5 курс студенті – Александра Рожковаға «Радиохимия» мамандығы бойынша аналитикалық зерттеулер бөлімінде өндірістік іс-тәжірибе ұйымдастырылған. Студентпен бірге филиалмен, оның жұмысымен, ғылыми-өндірістік базасымен, өлшеулер жүргізу әдістемесімен танысу, ұзақ өзара тиімді қарым-қатынасты орнату үшін оның ғылыми жетекшісі – Ломоносов атындағы ММУ жетекші ғылыми қызметкері Наталья Кузьменкова келген болатын. Қонақтар үшін институттың зертханалық корпустары бойынша, Токамак КТМ және ИГР реакторларында таныстыру экскурсиялары, сонымен қатар ССП мұражайында, полигонға «Тәжірибе даласы» және «Атом» көлі нысандарына жол жүретін экскурсиялар ұйымдастырылған.
Ресей ғалымдары өз тараптарынан жауап ретінде г.ғ.к. Наталья Кузьменкованың «Мәскеу мемлекеттік университетіндегі радиохимия» таныстырымын өткізген болатын. Қызығушылық танытушылардың барлығына семинарға қатысу мүмкіндігі ұсынылды.
Қонақтар қонақжайлылық үшін, атом энергетикасы тұрғысынан бірегей Семей сынақ полигонын, оның нысандарын көру мүмкіндігі үшін, реакторлардың ішкі жағымен танысқандары үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.