- «Атом» көлі мен жасанды су қоймасы жағдайының аймақ экожүйесіне әсерін бағалау;
- «Атом» көлін ғылыми және шаруашылық мақсаттарда пайдалану ұсыныстарын әзірлеу.
ХҒТО-ның «Атом» көлі ауданындағы кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жөніндегі жобасы
06.04.2018
1 сәуірде ХҒТО-ның «Семей сынақ полигонындағы «Шаған» жерасты ядролық сынағы: экскавациялық ядролық сынақтардың экологиялық қатерін бағалау, Қазақстан Республикасы, Мәселені талдау» екінші жобасы бастау алды.
Еске сала кетсек, Семей сынақ полигоны (ССП) ядролық қаруды сынауға арналған әлемдегі ірі полигондардың бірі болды. 1949 және 1989 жылдар аралығындағы кезеңде ССП аумағында ядролық сынақтар жүргізілді. Айта кету керек, полигон аумағының радиоактивті ластануына биіктіктегі ядролық жарылыстарға қарағанда, жерүсті және экскавациялық жарылыстар аса көп үлес қосты.
бұл Жобаның мақсаттары: