Жарияланған: 01.02.2020
2020 жылғы 31 қаңтарда қалалық мәдениет үйінде «Семей сынақ полигонына экскурсия» ғылыми жобасы көрсетілді. ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының қызметкерлері Семей сынақ полигонының (ССП) тарихына, ССП қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалына арналған ақпаратты ұсынды. Келушілер КСРО алғашқы жерүсті ядролық сынағы жүргізілген «Тәжірибе даласы» сынақ алаңының макетімен, сонымен қатар, жерасты сынақтары жүргізілген «Штольнялар» […]
Жарияланған: 15.08.2023
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 24 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады. Экскурсия кестесі: 10.00-ден 12.00-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде, 14.30-дан 16.30-ға дейін ағылшын тілінде. Ниет білдірушілер өтінімдерін 2023 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімде аты-жөнін, келетін уақытын көрсете отырып беруі, […]
Жарияланған: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Жарияланған: 30.08.2019
29 тамызда Семей қаласында Семей сынақ полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті. Дәл осы күні тура 70 жыл бұрын Семей полигонында алғашқы ядролық жарылыс болған. «Бейбітшілік» аралында жыл сайын өткізілетін акция биыл да «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының отыз жылдығына арналды. Қозғалыс өкілдері «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүлдер қойып, ядролық сынақ құрбандарын үнсіздік минутымен еске […]
Жарияланған: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Жарияланған: 19.12.2023
15 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жыл сайын ұйымдастыратын «Қазақстанның ядролық әлеуеті» тақырыбында жас мамандарға арналған XIX халықаралық семинар өтті. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Радиоэкология және геофизика мәселелері» секциясына белсенді қатысып, Институт қызметкерлерінің ауызша: Д.Б. Бияхметова «Жіті және созылмалы сәулелену сценарийі кезінде жеке сіңірілген дозаны бағалау үшін биологиялық дозиметрия әдістерін қолдану» тақырыбында […]