BioPhyMeTRE

2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.

ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалы биологиялық және физикалық дозиметрия саласындағы жетекші ғылыми зерттеу орталықтарымен қатар: Рим, Италияның жаңа технологиялар, энергетика және орнықты экономикалық даму жөніндегі ұлттық агенттігі, Италияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің Ұлттық денсаулық сақтау және жоғары білім беру институты, Загреб, Хорватия, Рушер Бошкович атындағы институтпен қатар құзыретті халықаралық әріптес ретінде қатысты. ҚР ҰЯО РҚЭИ жобасының жетекшісі биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы медициналық ғылымдар кандидаты Л.Б. Кенжина болды.

Жоба радиациялық/ядролық төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету саласындағы ұлттық құзыреттілікті күшейтуге ықпал етті: жетекші биодозиметриялық зертханалардағы тағылымдамалар және оқыту семинарлары, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жақсартты; заманауи жабдықтар мен жоғары сапалы реагенттерді сатып алу елдегі цитогенетикалық зерттеулердің стандарттары мен тиімділігін арттырды; жоба нәтижелерін конференцияларды, симпозиумдарды, конгресстерді қоса алғандағы, әлемдік ғылыми алаңдарда ұсыну Қазақстанның халықаралық ғылыми қоғамдастықтың белсенді қатысушысы ретінде қалыптасуына ықпал етті, білім мен тәжірибені кеңейтті, кәсіби байланыстар желісін нығайтты.