Posted: 20.06.2019
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы үшін келісімшарттық негізде өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған, айта кететіні, тек Қазақстанның оқу орындарынан ғана емес, студенттер ТМД елдерінен де келуде. Атап айтсақ, екінші жыл қатарынан Аналитикалық зерттеулер бөлімінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті радиохимия кафедрасының 5 курс студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Биылғы […]
Posted: 30.07.2024
«А.Д. Сахаров атындағы Халықаралық мемлекеттік экологиялық институты» БМ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1-бап) шеңберінде ағымдағы жылдың 22-26 шілдесі аралығында Беларусь Республикасынан делегация қабылданды. ҚР Ұлттық ядролық орталығына Ядролық және радиациялық қауіпсіздік кафедрасының қызметкерлері: профессор А.И. Киевицкая, доцент О.В. Гусакова және аға оқытушы Т.В. Дашкевич келді. Сапар бағдарламасына сәйкес, […]
Posted: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]
Posted: 27.05.2022
2022 ж. 16 және 20 мамыр аралығында RER7013 «Жерасты суларының ресурстарын бағалау және жерасты және жербеткі суларының климаттың өзгеруіне бейімделу контекстіндегі өзара әрекеті» АТЭХАГ аймақтық техникалық ынтымақтастық жобасының шеңберінде Краков қ. (Польша) ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Т.Ж. Тоқтағанов қатысқан Аймақтық үйлестіру жиналысы болып […]
Posted: 10.06.2020
Семей сынақ полигоны (ССП) жерасты суларының радиациялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында 2010 жылы ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының білікті мамандары – геологтар, гидрогеологтар, бұрғылау қондырғысының машинистерінен арнайы құрылым құралған болатын. Құрылымның техникалық қамтамасыз етілуі түрлі диаметрдегі 100 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылауға, жерасты сулары мен керндерінен сынамаларды іріктеп алуға және […]
Posted: 10.12.2019
2019 жылғы 09-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «ArcGIS: Негізгі жұмыс процестері және талдауды орындау» оқыту семинары өз жұмысын бастады. Семинарға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Оқыту-ақпараттандыру орталығы Геоақпараттық технологиялар зертханасының (ОАО ГАТЗ) қызметкерлері Дёмина Ксения Владимировна мен Ливчина Дарья Витальевна қатысады. Қазіргі уақытта филиалда ГАЖ инфрақұрылымы жақсы дамыған, 30-дан аса ГАЖ-жобасы […]
Posted: 26.08.2020
2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында […]
Posted: 24.06.2024
2024 жылғы 17-21 маусым аралығында Герцег-Нови қаласында (Черногория) 12 Халықаралық ғылыми конференциясы RAD 2024 (XII International conference of radiation, natural sciences, medicine, engineering, technology and ecology) өтті. Конференцияға радиациялық физика, информатика, материалтану, химия, медицина, биология және экология саласындағы 30 елден 130-дан астам ғалымдар мен мамандар қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан […]