VI Халықаралық ғылыми конференция (Обнинск қ.)
26.04.2023
МИФИ ҰЗЯУ Обнинск атом энергетикасы институтында 2023 жылғы 21 – 22 сәуірде «Техногендік жүйелер және экологиялық қатер» VI Халықаралық (XIX Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның ғылыми мүдделерінің ауқымы адам өмір сүретін ортадағы техногендік факторларды зерттеуге, бұл факторлардың адамға және табиғи жүйеге әрекет етуін бағалауға, қарқынды техникалық прогресс жағдайларында биосфераның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнеркәсіпте, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, ядролық энергетика мен ядролық технологияларда жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға қатысты өзекті ғылыми мәселелерді дәстүрлі түрде көрсетті.
Конференцияда онлайн форматта Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология интституты» филиалының жұмыскері Е.В. Романенко қатысты. Баяндама «Техногендік және экологиялық қатерлер. Радиациялық қауіпсіздік» секциясында тұрғындарды бақылау жөніндегі шынайы деректермен салыстырғанда адам ағзасына радионуклидтердің түсуін үлгілеу нәтижелерін зерттеу бойынша ұсынылды.
Ғылыми конференцияларда үнемі қатысу ұйымдармен, аймақтармен және елдермен арадағы байланысты орнатуға, жас ғалымдардың білім деңгейлерін жоғарылатуға, ғылыми конференцияларды өткізу іс-тәжірибесімен алмасуға ықпал етеді. Конференцияда жақын және алыс шетелдерден (Беларусь, Армения, Қазақстан, Әзербайжан, Қытай және Бангладеш) 210-ден астам адам қатысты.